Самат Әбіштен жауап алынды
ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен Кәрім Мәсімов ісі және басқа да айыпталушыларға қатысты жауап алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Самат Әбіштің ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер екені хабарланды.
«С.Әбіштен К.Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге,Осиповке қатысты істе және ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі, 175-баптың 1-бөлігі, 179-баптың 3-бөлігі, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде жауап алынды.
Ұлттық қауіпсіздік органдары С.Әбішке қатысты қылмыстық істерді тіркеген жоқ, бұлтартпау шарасы таңдалмады», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Самат Әбіштің қаңтар оқиғасы бойынша «тергеу орбитасында» екенін мәлімдеген.