«Қазақмыс» Назарбаевтың қорларына қыруар қаржы аударған

0 581

Protenge Telegram арнасы соңғы өткен төрт жылда Қазақстанның ірі мыс өндіруші компаниясының Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған коммерциялық емес ұйымдарға демеушілік жасап келгенін жазады. Сөздеріне дәлел ретінде жазба авторлары қоғамдық игіліктерде ұсынылған қаржылық есеп беру деректерін ұсынған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, «Қазақмыс» ең көп соманы 2018 жылы аударған – 32 млрд теңге. 2019 жылы демеушілік есебіндегі қаражат 12 млрд дейін қысқарса, 2020 жылы 29,2 млрд теңгеге дейін өскен. Ал 2021 жылы қаржы 6,2 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ арна барлық жағдайда бұл шығындар «әлеуметтік саланы қолдау» бабына қосылғанын ерекше атап өткен.

Авторлар «Қазақмыстың» 2018 жылдан 2020 жылға дейін қаражатты «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының» жеке қорына аударып келгеніне тоқталады. Алайда, 2021 жылы қор жұмысын тоқтатқаннан кейін оның орнын басқа алушылар басқан және олар туралы ақпарат «Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің қаражаты» деген көлеңкелі сөздердің астарында жасырылған.

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының журналистерінің дерегінше, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта төрт қордың негізін қалаушы саналады: «Назарбаев қоры», «Нұрсұлтан Назарбаев қоры», «Демеу» қоры және «Елбасы қоры». Қайырымдылықтан бөлек, олардың тағы бір мақсаты бар — олар миллиардтаған долларды құрайтын активтерді басқарады. Ресми түрде олар Назарбаевқа тиесілі емес, бірақ ол қорлардың құрылтайшысы болғаннан кейін оларды басқарады.

«Қазақмыс» тобының негізгі басқарушылары Владимир Ким (70%) және Эдуард Огай (30%) екенін қосу кету қажет.

Владимир Ким Forbes журналының «Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері – 2022» рейтингінде 5 миллиард доллар байлығымен бірінші, Эдуард Огай 583 миллион доллар байлығымен он төртінші орында тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.