«Халал тойда музыка да болмауы керек»: Имамның сөзі қызу талқылануда

0 1 558

Имам жігіт тойды халал өткізу үшін дастарханға арақ-шарап қоймау жеткіліксіз екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Дін өкілі той-думан музыкасыз өтуі керек деп есептейді.

«Көпшілік «той халал болуы үшін арақ құймаса жетеді» деп есептейді. Бірақ ол толық халал болуы үшін музыка қосылмауы керек. Ол әуеннің қай түріне де қатысты. Музыка 100 пайыз харам, оған ешқандай талас жоқ. Ол дүңкілдеп ойнаған жерде бөтен еркек пен әйел бір-бірімен билеп, күнәға батады», — дейді Tik-tok-қа @khammad07 атауымен тіркелген имам.

Сондай-ақ, ол тойларда еркектер мен әйелдердің бір дастархан басында отыруы да сорақылық деп санайды.

Әйелдер мен ер адамдарға бөлек бөлмелер болуы керек. Мысалы, ресторандарда 2 қабат болады ғой. Соның 1-қатабында ерлер, екіншісінде қыз-келіншектер отыруы тиіс. Оның үстіне, үстелдері арақсыз, музыкасыз өтсе, ол тойды толық халал деуге болады,

— дейді дін өкілі.

Оның бұл пікірлерін қолдап жатқандар да, қарсы шыққан адамдар да баршылық. «Ата-бабамыздың алтыбақан аясында домбырамен ән айтып, күй тартқанын қайда қоясың?» деген оқырманның сұрағына уағызшы жігіт: «Мен ата-бабаның емес, Аллаһ пен Пайғамбардың жолын таңдаймын» деп жауап берген. Осыған ұқсас көптеген пікірді кездестіруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.