«Костюм — көгілдірлердің киімі»: «Имамның» сөзі қызу талқыға түсті

0 976

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғаламторда ерлердің киімі туралы пікір білдірген адамға қатысты жауап берді. Олардың айтуынша, бейнежабадағы сақалды жігіт ешқандай да имам емес, деп хабарлайды Экспресс К.

Жасұлан есімді жігіттің әлеуметтік желіде ерлердің киіміне қатысты айтқаны қоғамда қызу талқыланды. Ол костюм шалбар киетін жігіттерге оның шығу тарихына қатысты түсініктеме береді. Оның айтуынша, костюм көгілдірлердің киімі болған.
«Костюм шалбар киетін еркектер бар. Сіздер біліңіздер, тарихқа көз жүгіртсек, ол кезінде көгілдірлердің киімі болған. Костюмнің артындағы ұзын сызықты көрдіңіздер ме, соны тігіп тастаңыздар да, екі қапталынан жыртып, тіктіріп алыңыздар. Алла сақтасын, ол негізі көгілдірлердің киімі. Соны дінсіздер классикалық киім деп көрсеткен. Ал соны бір жігіттер киіп алып, мәз болып жүр. Ана костюмнің артындағы ұзын сызықтың мағынасы «кел, менің артым ашық, кір дегені», — деді бейнежазбадағы жігіт.
Экспресс К осыған қатысты ҚМДБ хабарласты. Дін өкілдерінің айтуынша, қоғам назарын өзіне аударған жігіттің ешқандай да имамдыққа қатысы жоқ.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызмет жүйесінде мұндай адам жұмыс істемейді. Яғни, имамдық қызметке қатысы жоқ. Қазір ғана ресми мәлімет алынды. Пікір білдіруші азаматтарды имамдар туралы байсалды пікір жазуға шақырамын», — деді ҚМДБ баспасөз қызметі.

Видеоның толық нұсқасы: https://aitube.kz/video?id=d10f7aac-16c4-402c-8140-736004f8bf60

Leave A Reply

Your email address will not be published.