Тазалық жұмыстарына атсалысты

0 191

Өткен сенбіде  ҚР Экология, геология  және табиғи ресурстар министрлігінің  бастамасымен ұйымдастырылған «Бірге таза Қазақстан» атты экологиялық акцияға байзақтықтар
белсене қатысты.
Аудан аумағында орналасқан 18 ауылдық округте халық жиі баратын қоғамдық орындар, көше бойлары мен саябақтар тазаланып, ретке келтірілді.
Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекеме қызметкерлерінің атсалысуымен аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «Байзақ ауданының 80 жылдығы атындағы саябағында» тазалық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өткен орынды.
Атап айтқанда, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы,  сәулет, қалақұрылысы және құрылыс, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту орталығы, ішкі саясат, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы аудандық білім, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы бөлімдері, Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Байзақ ауданындағы филиалы, аудандық орталық аурухана, Байзақ электр желілерін тарату,  аудандық мұрағат мекемелері қызметкерлерінің жақсы жұмыстарын атап өтуге болады.
Жалпы бөлімдер мен мекемелерден сенбілікке 100-ге таяу  адам қатысты. Акция барысында жасанды жол бойындағы (брусчатка) шөптерді шабу жұмыстары және саябақ ішіндегі жабайы шөптерді, талдарды суаруға арналған арықтардың шөптерін шабу жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығында ұйымдастырылған акция барысында жалпы 0,7 тонна қоқыс сыртқа шығарылып, жол бойындағы ретсіз өскен шөптер шабылды. Қураған ағаштар ретке келтірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.