Экономиканың салаларын дамытуға баса назар аударылмақ
Жамбылда экономиканың әртүрлі салаларын дамытуға баса назар аударылмақ. Мәселен, өнеркәсіпті дамыту «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы шеңберінде жалғасады.
Облыстың басым өнеркәсіп саласы өңдеуші өнеркәсіп болып қала береді. 2028 жылға дейінгі кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру индустриялық мамандану болып қала береді. Фармацевтика өнеркәсібі әлемде коронавирустың пайда болуымен дамуда.
Облыс экономикасының жай-күйі мен серпінді дамуының жақсаруына индустриялық-инновациялық дамудың үшінші бесжылдық бағдарламасын іске асыру ықпал ететін болады, оның шеңберінде 7,0 мың жаңа жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялар көлемі 1,7 триллион теңгеден асатын 54 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Химия саласы экономиканың басым саласы болып қала береді. Бұл фосфорлы шикізаттың елеулі қорларымен, фосфориттерді одан әрі әзірлеумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемдерін арттырумен және ассортиментін кеңейтумен, жаңа өндірістердің ашылуымен түсіндіріледі («Қазфосфат» ЖШС-гі,«ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС-гі, «Тараз»«Химиялықпаркі»,«Талас InvestmentCompany» ЖШС-гі).
Қаратау қаласында қуаты жылына 1,4 миллион тоннадан астам кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС ірі жобасын іске асыру жүргізілуде. Инвестициялардың жалпы көлемі 356,5 миллиард теңгеден асады, 2000 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бірінші кезеңде тау-кен кешені іске қосылды, Ресей мен Қазақстан арасында жобаның 2 кезеңін жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, өңірде түрік инвесторының қатысуымен құны 123,5 миллиард теңге болатын, қуаты 400 мың тонна болатын, 250 жаңа жұмыс орнын ашатын «QazaqSoda» ЖШС кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жоспарлануда.
Азық-түлік өнімдерін өндіруде 207,8 миллиард теңге сомасына 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Құны 68,6 миллиард теңгеден астам етті құс шаруашылығын дамыту бойынша 170 жаңа жұмыс орнын құрумен ірі жоба («Алель-Агро» ЖШС), сондай-ақ, 209 жаңа жұмыс орнын құрумен 20,4 млрд.теңгеге бақша дақылдарын, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу («Қарағанды-АгроИнвест» ЖШС) 2023 жылға жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2024 жылы 300 жаңа жұмыс орнын құрумен 93,0 млрд.теңгеге қант зауытын («Qazsugar Со» ЖШС) салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Металлургияда 960,2 миллиард теңге сомасына 12 инвестициялық жоба салу жоспарлануда, олардың ішіндегі ең ірілері болып табылады: «Monterra Qazaqstan» ЖШС — алтынды игеру жөніндегі тау-кен металлургия комбинаты, инвестиция көлемі 832 миллиард теңге, қуаты 10 мың кг «Доре» қорытпасындағы алтын, 600 жаңа жұмыс орнын құрумен асылады.