Нақты өнім көлемі 108 пайызға жетті

0 169

Жамбыл облысы экономикасы жыл сайын оң динамикамен дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында 321 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 108 пайызды құраған.

Өсім өңдеу өнеркәсібінде — 6,9 пайызға (227,5 миллиард теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда — 22,0 пайызға (52,8 миллиард теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 0,4 пайызға (2,4 миллиард теңге) өсім байқалады. Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнім көлемі 0,3 пайызға  (38,2 миллиард теңге) төмендеді.

2022 жылы 56,6 миллиард теңгеге 758 жаңа жұмыс орны құрылатын 7 жобаіске асыру жоспарлануда («Satellie GS» ЖШС — құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту; «Ерсад-2021» ЖШС —  S (спанбонд), SS,SMS, MB (мельтблаун) типтегі тоқыма емес маталар өндіру қойма-цехының құрылысы; «Қордай жем» АӨК — өндірісті кеңейту, құрама жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу жобасы; «Каратау Про» ЖШС — ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын зауыттың жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарын ұлғайту; «Turan Industry» ЖШС — табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу; «Alina Group» ЖШС — күнжіт плиталарын өндіру, құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі, құрылыс гипсін өндіру), «Казфосфат» ЖШС — минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 миллионтонна жылына дейін жеткізу).

Сол секілді, ауыл шаруашылығы саласында да өнімінің көлемі 69,9 миллиард теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 101,2 пайызды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі -1,1 миллиард теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы -68,8 миллиард теңге (НКИ-101,2%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 16131,9 миллионтеңге(о.і. РБ — 5781,5 миллион теңге, ЖБ — 10350,4 миллион теңге) субсидия бөлініп, 2022 жылғы 1 маусымына 8474,0 миллионтеңге игерілді (о.і. РБ — 3 575,3миллион теңге, ЖБ — 4 898,7миллион теңге).

Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында егіс алаңын 12,5  мың га ұлғайту және 763,5 мың га дейін жеткізу жоспарлануда. 2022 жылғы 13 маусымына дәнді масақты дақылдар – 388,9 мың га (жоспарланған 100 пайызға), майлы дақылдар – 71,6 мың га (108,5%), көкөніс – 44,3 мың га (100%), картоп – 11,6 мың га (100%), қант қызылшасы – 6,1 мың га (97,0%) егілді.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 44,0 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 101,4%, сүт – 115,2 мың тонна (101,3%), жұмыртқа – 48,0 миллион дана (95,4%).

МІҚ саны 2021 жылғы тиісті кезеңге 4,0 пайызға (556,3 мың бас), қой – 5,8 пайызға (3735,5 мың бас), жылқы – 8,8 пайызға (178,2 мың бас), құс саны – 22,9 пайызға (2243,1 мың бас) артты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.