Рухани жаңғыру және жастар

0 171

Кез-келген қоғамның, соның ішінде әрбір мемлекеттің беріктігі, болашағы оның тұрғындарының, соның ішінде жас ұрпағының еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігіне, ұлты алдындағы жауапкершілігіне байланысты екендігі барлығымызға түсінікті. Адамзаттың, соның ішінде халықтар мен ұлттардың барша даму тарихынан бұған молынан мысалдар келтіруге болады. Қазақ халқының тарихы да одан кенде емес. Халқымыздың барша өткен кезеңіндегі жастардың Ұлттың еркіндігі мен жарқын болашағын айқындаудағы қызметіне тарихым барынша куә.

Кез-келген қоғамның, соның ішінде әрбір мемлекеттің беріктігі, болашағы оның тұрғындарының, соның ішінде жас ұрпағының еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігіне, ұлты алдындағы жауапкершілігіне байланысты екендігі барлығымызға түсінікті. Адамзаттың, соның ішінде халықтар мен ұлттардың барша даму тарихынан бұған молынан мысалдар келтіруге болады. Қазақ халқының тарихы да одан кенде емес. Халқымыздың барша өткен кезеңіндегі жастардың Ұлттың еркіндігі мен жарқын болашағын айқындаудағы қызметіне тарихым барынша куә.

Тіпті өткен терең тарихты айтпағанда, ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясының бодандығынан құтылып, Тәуелсіз Ел болуды мақсат етіп қойған «Алаш» азаттық қозғалысы мүшелерінің белгілі бөлегінің оқыған, Ұлтының дамуының дұрыс жолын көрсете білген жастар болғандығы әркімге айғақ. Алаш қайраткері, қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” деген әйгілі үндеу өлеңі де Елінің теңдігі жолындағы қозғалысына барша қазақ жастарын тарту мақсатында жазылғандығы түсінікті. Алайда, сол мерзімдегі Ресей, оның ішіндегі қазақ қоғамындағы орын алған қарама-қайшылықты саяси оқиғалар ұлт жастарының басым бөлегінің қолдауына ие болған алаштықтардың мақсаттарын орындатпады. Бұл ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің басым бөлегінің сталиндік тоталитарлық жүйенің қатаң жазалауына ұшырағандықтарына осы мерзімдегі саяси қарама-қайшылықты тарихымыз айғақ.

Бұл оқиғалардан соңғы кезеңдердегі коммунистік ұлт саясатын шын пейілмен қабылдап, Кеңес Одағы туған мемлекетіміз, Социалистік Отанымыз деген ұғым бойларына сіңген қазақстандық жастар    Ұлы Отан оғысының майданы мен тылында кеңестік патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетті. Одан кейінгі бейбіт замандағы Ортақ Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің мысалдары да жеткілікті. Аталған бағыттағы барша кеңес қоғамына үлгі болған қазақ жастарының жарқын еңбек бастамалары, нақты жетістіктері де жеткілікті. Оның барлығы Кеңестік Қазақстан тарихында толығымен жазылған.

 Жастар арасындағы Қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілікті, Ұлт алдындағы жауапкершілікті барынша көрсету Еліміздің Егемендік даму кезеңінде ерекше маңызға және қажеттілікке ие екендігі айтпаса да түсінікті.    Сондықтан да, Көпұлтты Тәуелсіз Қазақстан жастарының мемлекеттің қуаттылығы, беріктігі мен тұтастығын арттыру жолындағы атқарар міндеттерін белгілеу, олардың бойында Отансүйгіштік, Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатындағы қызмет Егемендіктің алғашқы жылдарынан іске асырылып келе жатқандығы белгілі. Жастар арасындағы тәрбиенің басты буыны-олардың санасында Отансүйгіштік пен «Қазақстандық патриотизм» сезімін қалыптастырудың қажеттігі «Қазақстан Республикасы 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясында» баса айқындалып, онда «Біздің мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.

Қорыта айтқанда, Тәуелсіз Қазақстан қоғамы, аға ұрпақ Отанының қуаттылығын арттырып, оны «Мәңгілік Ел» етудегі бабалар өсиетіне адал Ел жастарының жасампаздығы мен мақсаткерлігіне кәміл сенетіндігі белгілі. Ал оған өткен кезеңдердің терең бастауынан бүгінге дейін үзілмей, айқын дәлелденіп келе жатқан қазақ жастарының бойындағы Ұлтына, оның тарихы, мәдениеті мен салтына, Тарихи Ата-Жұртына деген нақты сүйіспеншілігі айғақ бола алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.