Судағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда

0 157
ТЖ департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың басынан облыс аумағында екі адам суға бату оқиғасы тіркеліп, онда бір он жасар бала (батып кетті. Былтырғы жылмен салыстырғанда үш адам суға бату оқиғасы тіркеліп, онда бір он үш жастағы бала суға батып кетті.
«Қазгидромет» мәліметі бойынша ауа-райының болжамын ескере отырып, Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен су айдындарында рейд ұйымдастырылып, өткізілуде.
Төтенше жағдайлар департаментімен жыл сайын облыстың су айдындарында адамдардың, онын ішінде балалардың өлімін алдын-алу мақсатында, кең көлемді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Бірақ, 90% жағдайдаларда қаза болғандар тыйым салынған және шомылуға жабдықталмаған орындарында, сондай-ақ балаларды ересектердің қараусыз қалдыруы салдарынан су айдындарында да, жеке секторда да кездеседі.
Жасөспірімдер арасында бір-бірінің алдында күштерін сынау «бәсекелестік инстинкті» болады. Кім жылдам, епті, батыл және суға ең жақсы секіреді! Бірақ ұлдар мен қыздар бұл тәжірибенің не болатынын нақты түсініп, білуі керек. Жүзу дағдыларын жақсы меңгеру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек, тәжірибелі жаттықтырушылардың басшылығымен айналысу керек.
Біз — ересектерміз!!! Күнделікті мәселелерге, жұмысқа, үй өміріне және т. б. ал СІЗ өз балаңызбен әр түрлі тақырыптарда сөйлесуге кем дегенде бір сағат уақыт бөлуге қашан уақыт табасыз? Тіпті ұйықтар алдында оған ертегілерді оқып беруге! Қазір жас аналардың арасында сәнге айналған көшеде де, үйде де, олар ұялы телефондарға толығымен еніп, ең қауіптісі, олар су айдындарының жанында баламен бірге серуіндеп жүргенде! Ананың назары балаға емес, телефонға бағытталған-бұл ҮРЕЙ мен ҚОРҚЫНЫШТЫ туғызады!!! Міне, біз — ЕРЕСЕКТЕРДІҢ қайғылы жағдайлары мен бейқамдықтарына әкелетін себептердің бірі. Барлық ата – аналар есте сақтауы керек: Сіздің періштеңіз-сіздің ұрпағыңыздың жалғасы, оның қауіпсіздігі сіздің қолыңызда. Ал, мамандар Сізге көмектесіп және үйретеді балаңызды әр-түрлі қиындықтардан қалай сақтандыруға болады.
Ал, енді мамандар суда кездейсоқтықты болдырмау үшін қарапайым және негізгі мінез-құлық ережелерін орындалуын қайта еске салатын қолайлы уақыт. Атап айтқанда:
— тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
— жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
— шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
— жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
-егер сіз жүзу алмасаңыз үрмелі матрацтар немесе баллондарды қолданыңыздар;
-бөгеттен, қайықтар тоқтайтын жерлерден суға секірмеңіздер;
-қайықтан, көпірден аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
-суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
-түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
-су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар оларды бақылаңыздар.
-суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.
Құрметті ата-аналар, балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар, балаларды бақылаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен учаскелерде шомылуға рұқсат етіңіздер.
Жазғы демалыс кезінде жақсы көрсеткіш болуы, ол аса мұқият және жеке қауіпсіздік ережелерін сақта.
Leave A Reply

Your email address will not be published.