Қарасорамен күрес қарқын алуда

0 135

Жыл сайын Ішкі істер министрлігі 1 маусым мен 30 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы есірткінің шикізат базасын жою, оны шетелден жеткізу арналарына тосқауыл қою, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау фактілерінің жолын кесу операциясын жүргізеді.

БҰҰ-ның  1961 жылы қабылданған Есірткі туралы IV Бірыңғай конвенциясы бойынша айрықша қатаң бақылауды қажет ететін қарасораның көзін құрту үшін облысымыздың полиция департаменті де  күресіп келеді. Атап айтқанда аймақта өткен жылы департаментке қарасты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 5 гектар жер аумағында 1 тонна 781 келісора тұқымдас өсімдікті шауып өртеген. Сондай-ақ «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында аталған басқарма  Шу ауданында  27 жастағы жергілікті азаматтан 60 келі 440 грамм болатын «каннабис өсімдігі» және 103 келі 240 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затының 10 қабын тәркілеген. Сонымен қатар былтыр заңсыз айналымнан 3 тонна 293 келіден астам, оның ішінде 800 грамм героин, 103 келі гашиш, 3 тоннадан астам марихуана секілді түрлі есірткі заттары тәркіленіп, мөлшермен  550 гектар аумақта жер жырту, шабу және өртеу жолдарымен 40 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған.

Жалпы «Қарасора – 2021» жедел алдын алу шарасының нәтижесінде былтыр полиция қызметкерлерімен облыс бойынша 363 есірткі қылмысы анықталған.  Оның ішінде 256-ы қылмыстық теріс қылық фактілері болып табылады. Сондай-ақ есірткі заттарын өткізудің 23, аса ірі мөлшерде сақтаудың 31, контрабанданың 11 және оны өсірудің 27 фактісі анықталып, 582 түп арнайы өсірілген есірткі өсімдіктері жойылған. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 3 тонна 87 келі түрлі есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жоспардың №7 тармағын орындау мақсатында 650 гектардан астам аумақта 112 тонна жабайы қарасора ору және өртеу жолымен жойып, 2020 жылмен салыстырғанда 62 тоннаға артық орындалған.

Амалын асырғысы келген алаяқтардың бүгінгі әлеуметтік желі арқылы жұмысын жандандырып жатқаны жасырын емес. Осыған орай 35 интернет-сайт анықталып бұғатталса, 730 граффити жазба өшірілген.

Қарасораға қарсы іс-қимыл биыл да қарқын алуда. Осы мақсатта арнайы жоспар жасалып, Жамбыл облысының құмды аймағынан есірткі заттарын шығару арналарын жабу үшін 6 жылжымалы мобильді бекет қойылуда. Сондай-ақ биылдан бастап  алғаш рет жедел алдын алу іс-шарасы барысында жабайы қарасора қарқынды өсетін аумақтарды қашықтықтан зерделеуді жүзеге асыру үшін ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш сапары» акционерлік қоғамының пилотсыз ұшу аппараттары тартылуда. Бұл өз кезегінде қылмыстың көлемін барынша азайтады деп көзделуде.

Есептік кезеңде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 800 келіден астам есірткі заттарын анықтап, тәркілеген. Ал бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 612 келіге артық көрсеткіш.Апта бұрынЕсірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі «Баусасық» құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтаған. Тексеру барысында одан жалпы салмағы 194 келі «каннабис өсімдігі», 4 келі 800 грамм «кептірілген марихуана» және 4 грамнан астам «каннабис шайыры» есірткі заты табылған.Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

– Есірткі жеткізу арналарын анықтау мен жоюға, оларды дайындап, әкетуге қарсы іс-қимыл жасауға, таратуға маманданған топтардың қызметінің жолын кесуге күш-жігерін жұмсап жатыр, — дейді  облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Баймурзин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.