Жамбыл облысы ПД бастығы көлік жүргізушілерін жауаптылыққа шақырды

0 442

Өзінің фейсбук парақшасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов жол-көлік апаттарының басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен болатынын xабарлады.
«Әрбір автокөлік жүргізушісі рульге отыру арқылы өзінің ғана емес, өзгелердің де өміріне жауапты екенін естен шығармауы тиіс. Себебі, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы, көлік құралын мас күйінде басқару, жолдың қарсы бағытына шығып кету немесе ұйықтап кетуінен болады.

Ағымдағы жылдың үш айында Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері 48 мың 771 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Әкімшілік хаттамалар, көбінесе, жүргізушілердің жылдамдықты асырғаны үшін толтырылады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы бір жылда жол-көлік оқиғаларының саны 23%-ға азайды.

Талдау нәтижесіне сәйкес, облыс аумағындағы жол-көлік оқиғаларында адамдардың қаза болуының 34 пайызы – жүргізушілердің жылдамдықты арттыруынан орын алуда.

Олай болса, құрметті көлік жүргізушілері, жылдамдықты асырмайық, жол-көлік оқиғаларын бірге тоқтатайық!
Есіңізде болсын, жол – қателікті кешірмейді!», — деп атап өтті Жанат Қуанышұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.