Тоқаев 13 жыл президент болсын – Асқар Жұмаділдаев

0 623

Физика-математика ғылымдарының докторы, академик Асқар Жұмаділдаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы 13 жыл президент болуға ұсынды.

Бұл туралы ол «Qasqa Jol/Қасқа жол» YouTubeарнасына берген сұхбатында айтты.

Ғалымның ойынша, президент Тоқаев өз өкілеттігінің үш жылын Назарбаевтың көлеңкесінде жоғалтып алды. Сондықтан оған екі мерзім Президенттікпен қоса 3 жыл қосып беру қажет деп есептейді ол.
– Менің білетінім – Тоқаев екінші рет сайланады, одан кейін сайланбайды. Тоқаевтан кейін де адамдар болады. Менің өкінішім – Тоқаев үш жыл уақытын біреудің астында көлеңке болып босқа өткізіп алды.

Егер депутаттар осы үш жылды бірдеңе қылып қосып берсе дұрыс болар еді. Тоқаевқа тиесілі 5 жылдың үш жылы өтті, енді екі-ақ жыл бар. Сосын тағы 5 жыл. Осыдан соң Тоқаев «қоштасам» деді. Конституция одан артыққа рұқсат бермейді. Мен осы 10 жыл ең болмағанда 13 болсын деп отырмын, – деді Асқар Жұмаділдаев.

Депутаттың бірі осындай ұсыныспен шықса, академик қолдау білдіретінін жеткізді.

– Ал алдыңғы президент сияқты 30 жылға созудың қажеті жоқ. Мәңгілік ел, мәңгілік президент деген ұғымдар дұрыс емес, – деп түйіндеді академик.

Leave A Reply

Your email address will not be published.