«Етегін сыпырғымен тазалаған»: Жас келінге жасалған ырым қызу талқыға түсуде

0 681

Жас келіннің қолына су құйып, кейін оның етегін сыпырғымен сыпыра тазалаған әйелдің әрекеті жұрттың назарына түсті.

Басым бөлігі мұндай ырымға қатты таңғалып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Жас келінге жасалған ырымның бейнежазбасы Іnstagram-да тарады. Видеода басына орамал таққан жас келіннің қолына үлкен әйел су құяды. Қолын шайған келін, мұнан кейін әлгі әйелдің алжапқышына сүртінеді. Осыдан кейін сол үлкен кісі келіннің етегін сыпырғымен тазалайды.

Тіпті бейнежазбада жаңа түскен келінге қамыр жайып, оны турауды үйретіп, кейін дастархан басында шәй құйдырған сәтін де байқайсыз.

Аталған бейнежазбаға жазылған пікір көп. Басым бөлігі бұл қайдан шыққан ырым деп таңғалуда.

Сыпырғымен бізде аула сыпырушы еді, мыналарға не жорық». «Құдай сақтасын, қыз өсіріп отырып, қатты уайымдайсың». «Қазақта мұндай салт жоқ, қайдан шығарған». «Әр нәрсені істеп, қазақты мазақ қылды-ау». «Бұлар қазақтар емес сияқты»,

— деген жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.

Видео: https://aitube.kz/video?id=d200e22e-3132-43f2-b834-edf7a532948c

Leave A Reply

Your email address will not be published.