Әнші Мақпал Исабекова ұлына елде жоқ ерекше есім берді

0 506

Жақында сәбилі болған Мақпал Исабекова сәбиіне қандай есім қойғанын айтты.

Әнші ұлын Теодор деп атаған. Ол «Құдайдың сыйы» деген мағынаны білдіреді, деп хабарлайды Экспресс К.

Күйеуім екеуіміз менің аяғым ауыр болмай тұрып, алғашқы кездесулерімізде-ақ балаларымыздың атын ойластыра бастағанбыз. Әкесінің аты-жөні ерекше болғандықтан Асқар, Азамат немесе Олжас деген есімдерге ол келісе қоймайтынын мен бірден ұқтым,

— дейді Мақпал Исабекова.

Ол күйеуі өзге ұлт өкілі болғандықтан басқаша есім керек екенін түсінген. Осы ретте күйеуінің қиялының шексіздігі де оны таңқалдырған. Өйткені болашақ жеті баласының да есімін таңдап қойған.

Кейін дау болмас үшін біз бірден келісіп алдық. Ұл болса есімін ол, қыз бала өмірге келсе мен қоямын деп жоспарладық. Жүктілігімнің үшінші айында ата-анамызға жақсы хабар жеткізуге барайын деп жүргенде біз ұлды болатынымызды білдік,

— дейді әнші.

Мақпал Исабекованың күйеуі ұлын Теодор деп атаған. Ол «Құдайдың сыйы» деген мағынаны білдіреді.

Ол ең керемет есім таңдады. . Бұл есімге, оның мән-мағынасына, ерекшелігіне бірден ғашық болдым. Теодор. Алланың сыйы. Тео. Тедди. Алла бере салған Құдайберген ғой,

— дейді әнші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.