Тұтынушылар құқығын қорғау – басты назарда

0 144

Жамбыл облысы Тұтынушылардын құқықтарын қорғау департаментінің 2022 жылдың 5 айы ішінде тұтынушылардан 147 өтініш шағым келіп түсті.Олардың ішінен:

— 100 өтініш толығымен қанағаттандырылды  (68,0%): тұтынушыларға 2 934 220 теңге қайтарылды және 25 тұтынушыға сапасыз және сапалы тауарды ауыстырылды.

  • 38 тұтынушылардың өтініштері бойынша түсіндірмелер берілді.
  • 3 өтініш басқа мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданды.
  • 6 өтініш ҚР АПК-нің 63-бабына сәйкес қараусыз қалдырылды.

Осы кезеңде ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 4 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Оның үшеуі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында (бұдан әрі-Заң) белгіленген мерзімде талап-арызға жауап бермеу, мәселесі бойынша, біреуі Заңның 14-бабының нормалары бойынша сатушының талаптарын орындамау мәселесі, атап айтқанда сапалы тауарды айырбастаудан бас тарту.  Тексеріс тұтынушы талаптарының толық қанағаттандырылуына байланысты тоқтатылды, 2 тексеріс субъектілерге ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданумен тоқтатылып, бір тексеріс 50 АЕК мөлшерінде субъектіге айыппұл салумен аяқталды.

Департаментпен Тараз қаласы, Барысхан массиві тұрғындарының қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару сапасыз қызметі бойынша «Медина» ЖК шағын кәсіпкерлік субъектісіне ұжымдық өтініштер негізінде сотқа талап арыз жолданды.«Медина» ЖК-не осы қызмет түрін көрсетуге арналған шарттарды кейіннен бұза отырып, түбіртектерде көрсетілген қызметтер үшін сомаларды қайта есептеуді талап қойылды. Талап арызсот қарауында.

 Ақпараттық жұмыстың Департаментпен төмендегідей жұмыстар атқарылды

2022 жылдың 5 ай ішінде Департаментпен төмендегідей ақпараттық жұмыстары атқарылды:

  • Облыстық БАҚ-да тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы түрлі мәселелер бойынша 25 материал жарияланды.
  • Жамбыл облысы ТҚҚД-ның «Facebook» және «Instagram» ресми парақшасында 104 материал «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау құралдары» және «Сұрақ-жауап» айдарында жарияланды.
  • Департамент басшысымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулардың екінші пакеті тақырыбында облыстық «Jambyl» телеарнасына сұхбат берілді.
  • Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «2021 жылға арналған жұмыс нәтижелері» тақырыбында брифинг өткізілді.

         — «Antikor»алаңында«2022 жылдың  бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізілді.

  • Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күніне орай облысыстық «Жамбыл» радиосында бас маманның тақырыптық сұхбаты ұйымдастырылды.
  • Тараз қаласы қоғамдық бірлестіктермен «Шағын кәсіпкерлік тексеруге мораторий жарияланған жағдайда қоғамдық бақылауды дамыту» тақырыбында жұмыс бабында кездесулер өтті.Департамент басшысы баяндамада Мораторийге байланысты кәсіпкерлерге Заң ережелерін елемеуге, бұзуға және сол арқылы тұтынушылар мен азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеу керектігін атап өтті. Демек, Мораторий кезеңінде қоғамдық бірлестіктер кәсіпкерлік субъектілерінің заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды күшейтуі керек екендігі айтылды. Кездесу Департаменттің Тараз қаласының қоғамдық бірлестіктерімен 2022 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеумен аяқталды.

Департамент «Терещенко» ЖК-мен, Тараз қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның барлық филиалдары мен «Ескулап» және «Диал» медициналық орталықтарында әр түрлі бағыттағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріLED – экрандарда бейнероликтерді көрсетуге келісімге қол жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.