Ресей Украинамен қоса тағы 2 мемлекеттің тәуелсіздігін мойындаудан бас тартпақ

0 1 777

Ресей думасының депутаты Евгений Федоров Sputnik Латвия агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің «Литвамен енді айналыса бастағанын» айтып, болашақта тағы үш елдің – Латвия, Эстония және Украинаның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартуы мүмкін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Газета.ru жазады.
«Литваның бұл тізімде 1-орында тұруының бірнеше себебі бар. Ал механизм пысықталғаннан кейін НАТО-ның басқа аумақтарында оны әзірлейміз. Және тек НАТО-да ғана емес. Мәселен, Украина кезінде КСРО құрамынан заңсыз шыққан», – дейді депутат.
Оның айтуынша, дәл осы елде 1990 жылғы «Одақтық республиканың КСРО-дан шығуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» заңға байланысты «нақты аумақтық мәселе» қалып қойған.
«Біз Кеңес Одағының құқықтық мұрагері ретінде оларды қайшылықты және даулы деп анықтауға құқымыз бар. Мұның барлық аймақтарға қатысты емес екенін айта кетейік. Егер елдер қауіп төндірмесе, онда біз олармен ештеңені өзгертпейміз – бейбітшілі пен достығымыз жалғаса береді», – деп атап өтті Федоров.
Бұған дейін Литваның сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергис Литваның тәуелсіздігін мойындаудан бас тарту туралы РФ Мемлекеттік Думасына ұсынылған заң жобасынан сескенетінін айтқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.