Тахмина Әшімбекова: «Азия даусына» қатысам деп анамның қайтыс болғанын да, жетісі өткенін де білмедім

0 855

Тахмина Әшімбекова анасының ауыр қазасы жайлы айтты. Анасымен қоштасып үлгермеген әнші анасының ақтық сапарына қатыса алмағанын, тіпті жетісіне қатыса алмағанын айтып жылады.

Бұл туралы әнші “Менің өмірім” бағдарламасында айтты.

Тахмина Әшімбекова “Азия даусы” байқауына қатысам деп анасын ақтық сапарға шығарып сала алмағанын айтты.

“Мен “Азия даусына” қатысуға  дайындалып жүргенмін. Ол кезде “Азия даусы” деген ең абыройлы байқау еді. Анам шығарып салды. Пойызға дейін келді. Пойызға міндім де, қайта шықтым. Анамды ұзақ құшақтап, бетінен сүйдім. Кейін пойызға отырған соң қатты жыладым. Кейін неге жылаймын деп өзімді бастым. Бұл анамды соңғы көруім екен. Соны сезсем керек”, – деді әнші.

Әшімбекова байқауға қатысып, үйіне қайтқанда ғана ауыр қазаны естіген.

“Менің әпкем қасымда болды. Маған ешнәрсе айтпады. Мені уайымдамасын деген. Байқаудан қайтқанда көзіне жас ала берді. Ешнәрсе айтпады. Үйге келгенде бәрі көңілсіз. Анамды сұрап едім, Таразға кетті деді. Сенің өнеріңді теледидардан көруге кетті деді. Бір күні көршілер кіріп келді де, көңіл айтты. Төбемнен тас түскендей болды. Анам мені күткен екен. Жаны қиналған соң бәрі әпкемді Тахмина келді деп көрсеткен. Анам осыдан соң бақиға аттаныпты”, – дейді Тахмина.

Әншінің анасы 48 жасында, әкесі 55 жасында өмірден өткен.

“Анам қайтқан соң әкем аман болса екен деп Алладан сұрадым. Әкем 7 жылдан соң дүние салды. 55 жасында кетті. Қазір қарасаң, жап-жас екен. Бәрі Алланың қалауымен ғой. Бірақ ұмытылмайды, өкініш бар. Ақтық сапарға қатыса алмағаныма өкінемін. Тірі жүре тұрғанда деп ойлайсың. Біздің қолымызды ешнәрсе жоқ”, – дейді Әшімбекова.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.