Тоқаев президенттік мерзімін ұзартуға қатысты пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда президенттік мерзіміне қатысты жиі қойылатын сауалдарға нүкте қойды деп хабарлады turkystan.kz.
«Маған ел ішінде де, шетелде де қазіргі Мемлекет басшысы өзінің өкілеттік мерзімін референдум арқылы ұзартуға, былайша айтқанда, президенттік мерзімін жаңадан бастауға ниетті ме деп сұрап жатады. Менің жауабым: мұндай ниет жоқ және болмайды. Ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасы өзінің мазмұны бойынша өте ауқымды. Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандығын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.