Антикор Әлия Назарбаеваның қорына қатысты тергеуді бастады
Telegram-арналардың бірі антикор Әлия Назарбаеваның қорына қатысты тергеу бастағанын хабарлады.
«Беркут под солнцем» арнасының хабарлауынша, Антикор негізін қалаушы Әлия Назарбаева болып табылатын Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорын тергеп жатыр.
Қазір қор директоры Ермек Мәжитовтен тергеушілер жауап алып жатқан көрінеді. Толық мәліметтер әлі жарияланбаған.
Сипаттамадан қордың табиғатты қорғау жұмыстарына маманданғандығы және бизнеске қызмет көрсететіні белгілі болды.
Әзірге антикор ресми мәлімдеме жасамады.