Экс-президент мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен ұсталды

0 2 734

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен 72 сағатқа қамалды, деп хабарлайды «Sputnik Молдова».

Тергеу қылмыстық іс шеңберінде төрт бап бойынша жүргізілмек: пассивті сыбайлас жемқорлық, саяси партияның қылмыстық ұйымнан қаржы алуы, заңсыз баю және мемлекетке опасыздық жасау.

Молдованың экс-президентіне тиесілі үй мен кейбір үй-жайларда тінту жүргізілген.

«Тергеу шаралары жалғасуда. Ол 72 сағатқа ұсталды», деді Молдова Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Керпек.

Елдің Бас прокуратурасы 18 мамырда Игорь Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаған. Ол кәсіпкерден ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.