Шымкентте перзентханада жойқын жарылыс болды: қаза тапқандар бар

0 2 588

Шымкентте перзентхана жанындағы дәріханада жарылыс болды. Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық арнасы хабарлады.

Оттегі баллонының жарылуы кезінде күзетші қаза тапты.

Жарылыс салдарынан аурухананы дәрілік препараттармен қамтамасыз ететін дәріхана ғимараты қираған, онда тұзды ерітінді өндіріледі.

Өрт толығымен оқшауланды.

Шымкенттегі жарылыс: Төтенше жағдай департаменті түсінік берді

«Меж госпиталь 138 дәріхана» ЖШС-не қарасты ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метрді құраған.

Жарылыс салдарынан 130 шаршы метр аумақта ғимарат опырылып, 5 қабатты тұрғын үйдің жанындағы пәтердің балконы мен терезелері, 7 автокөлік зақымданған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс ауада газдың жиналу себебінен болып отыр.

Үйінділер арасынан денесі күйген ер адамның мәйіті табылды.

Зардап шеккен басқа адамдар туралы ақпарат жоқ.

Оқиға орнына қала әкімі Мұрат Әйтенов, сондай-ақ құқық қорғау органдары келді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.