Қайрат Құдайберген Тоқаевтан араша сұрап, ашық хат жазды

0 886

Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп ұсталған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Президент Тоқаевтан араша сұрап, ашық хат жазды деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық хатта Қайрат Құдайберген өзінің кінәсі жоқ екенін жазған.

«Қанды қаңтар кезінде құлағыңызға жалған ақпарат құйып, сіз Алматыда 20 000 террорист еліміздің біртұтастығына қауіп төндіріп жатыр деп айтуға мәжбүр болдыңыз. Бұл сол кездегі құзырлы құқық қорғау органының бір басшысының әдейі айтылған өтірігі болып шықты. Өкінішке орай, қазір сізге құзырлы органдар мен туралы жалған ақпарат беруде.

Сол 20 000 террористердің бірі Қайрат Құдайберген деп менің атыма кір келтіріп жатыр. Бұл — оңбайтын жала жабудың өзі», – деп жазылған хатта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.