Қайрат Сатыбалдының ұшағынан қыруар қаржы табылған

0 758

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталған кезде оның Дубайға ұшпақ болған ұшақ бортынан шамамен 1,5 млрд доллар табылды.

Мұндай ақпаратпен Abzhannews Telegram-арнасы бөлісті.

Еске салсақ, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын хабарлады. Оған ақша жымқырды және қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.

12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты.

Айта кетсек, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауда. Ол рейдерлердің бизнесін басып алуға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.