Тұтас болмысы қазаққа қызмет етті

0 1 273

Қаламдасыңның қазасына көңіл айтуға көтерген қаламдай ауыр нәрсе жоқ-ау, сірә!?.

Ал Шерағамның қазасы маған қатты батып отыр. Ештеңе айта алар емеспін, ауыр қаламды көтере алар емеспін. Сондықтан мені кешіресіздер деп ойлаймын.

«Әй, Әкімбай!» деп еркелетуші еді. Бір-ақ жас үлкендігімен өмірбақи аға болып, өмірбақи ағалық биіктіктен аласармай өтті, Шер-ағам! Не деген қасиетті адам!

Шер-ағамның еңбегін бір ғана журналистикаға, бір ғана редакторлыққа, бір ғана жазушылыққа, тіптібір ғана әдебиетке байланыстырып айту жеткіліксіз. Оның тұла бойы, тұтас болмысы қазаққа қызмет етті. Енді оны толықтай зерделеу де мүмкін емес шығар. Сондай бір қасиетті тұлға, дәуірлерді жалғаған жампоз өтті мына жалғаннан!

Бұдан былай менің ғана емес, тұтас қазақ жұртының бір бүйірі үнемі олқы соғатындай… Алдың пейіш болсын, асыл адам!

Әкім ТАРАЗИ

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.