Жомарт жандардың басын қосқан бағдарлама

0 200

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттары айқындалған, онда қазақстандық қоғамның дамуының бірегей беталысы көрініс тапқан. Ұлттық деңгейдегі ауқымды жобада қамтылған шаралар мен оны іске асыру бойынша Жамбыл облысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, ағымдығы жылдың І тоқсанының есебі бойынша, облыс аумағында бағдарлама аясында 1834 іс-шара ұйымдастырылып, 433 989 адам қамтылды.

Сондай-ақ, демеушілер мен меценаттар есебінен 6 миллион 226 мың теңге 18  жоба іске асырылды. Соның бірі ретінде Жуалы ауданында «Бурный сүт зауыты» ЖШС директоры Свамбай Ариповтың көмекгін айтып өтуге болады. Жомарт жан «Қайырымды Ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы 60 отбасына жалпы құны 1 миллион теңге тұратын азық-түлік пакеттерін (сүт өнімдерін) таратты.

Осы істен үлгі алған Жуалы ауданының өзге де қолы ашық азаматтары «Анаға құрмет – баршаға міндет» қайырымдылық шарасына ұйымдасып,  ауылдың демеушілері мен меценаттары есебінен аз қамтылған, көп балалы 100 отбасына жалпы құны 1 миллион теңге болатын азық-түлік пакеттері таратылды.

Ал Талас ауданы, Үшарал ауылының жеке кәсіпкері Қоныс Қадырбек ауылдағы 1 мүгедек, 3 аз қамтылған отбасына, 5 көпбалалы аналарға және 3 жалғызбасты қарт тұрғындарына жылқы сойып, ет үлестірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.