Облыстық комиссия дала экспедицияларын жүргізуде

0 981

Саяси қуғын-сүргін мәселесіне қатысты ғылыми зерттеу, тарихи-этнологиялық экспедиция жүргізу жөніндегі жұмысшы топ мүшелері дала экспедициясы жұмыстарын жүргізу барысында саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылық жылдары құрбан болған азаматтардың жерленген жерлерін анықтау мақсатында өңірдегі діни орындар, мешіттер, шіркеулер, қорымдар, ескі зираттардың тарихын зерттеу жұмыстарын бастады.

Талас, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу, Меркі және өзге де өзге аудандарында жергілікті тұрғындар, шырақшылар, өлкетанушылармен сұхбаттасып, нәтижесінде бірнеше жерленген орындары анықталып картасы жасалды. Өңірдегі экспедиция жұмысы толық аяқталғаннан кейін саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылық жылдары құрбан болған азаматтардың облыс бойынша жерленген жерлері туралы картасының жобасы жасалынды.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына, Тараз қаласы мен аудандық архивтердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарламалар беріліп тарихшы, өлкетанушылармен бірлесіп, жұмыстар жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.