Болат Әбілов жаңа саяси партия құрды
Қазақстандық бизнесмен және саясаткер Болат Әбілов «Біздің таңдау» саяси партиясының құрылғаны туралы хабарлады.
«Біз саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістерді байқамай отырғанымызды тағы да айтуға мәжбүрміз. Сондықтан біз бүгін саяси партияның құрылғанын жариялаймыз. Бұл біздің таңдауымыз. Демократия үшін таңдау, еркіндік үшін таңдау, әділдік үшін таңдау» деді Әбілов.
Оның айтуынша, жаңа партияның негізгі миссиясы – ел конституциясына президенттік республикадан парламенттік республикаға өтуді көздейтін өзгертулер енгізу.
«Бізде супер-президенттік конституция болған және солай болып қала беретініне сенеміз. Сондықтан біздің басты шартымыздың бірі – Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынғымыз келеді. Бұл біздің басты миссияларымыз бен мақсаттарымыздың бірі» деді ол.