Арыстанбек Мұхамедиұлына тықыр таянды

0 970

Антикор бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде және ол басқаратын ҚР Ұлттық музейінде тінту жүргізді, деп хабарлайды @kozachkow телеграм каналы. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер музейдің «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесін өткізуге жұмсаған шығынын тексеруде.

Бұл тендерді «Экспонат» ЖШС (директоры – Ұмсын Тобағабылова) 1,3 млрд теңгеге ұтып алып, көрме өткізген болатын.

Антикор бұл компанияның Ұлттық музей басшылығымен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының дүние-мүлкі де тексерілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.