Қайрат Құдайбергеннің отбасы президенттен араша сұрады

0 898

Қаңтар оқиғаларын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Қайрат Құдайбергеннің жақындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.

Қайрат Құдайбергеннің анасы, жұбайы мен балалары оның кінәсіз екенін алға тартып, оны босатуды сұрады.

«Құрметті, президент Қасым-Жомарт Тоқаев, менің әкемді жіберіңіздерші» дейді кәсіпкердің ұлы.

Қайраттың анасы Бибігүл Қабдолдина ұлының кінәсіз екеніне 100 пайыз кепіл бола алатынын жеткізді. Оның айтуынша, ол алаңға халықты басу үшін шыққан.

«Сіздің де балаларыңыз бар ғой. Ана ретінде сізден көмек сұраймын, біздің ісімізде анық-қанығына жетуге көмектесіңіз. Сіз – Конституцияның кепілісіз, мен сізге сенемін» дейді әйел.

Қазіргі таңда Құдайбергеннің жұбайы балаларымен жалғыз қалған.

«Қайрат бізді тастап, алаңға шықты. Біз үйде қорқынышпен отырдық. Бірақ мұның қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Ол тек қантөгістің болғанын қаламады, митингілердің бейбіт аяқталғанын қалады, елге көмектескісі келді. Біз тек тергеудің әділетті болғанын қалаймыз, ешқандай кедергі келтіретін ойымыз жоқ» дейді ол.

Еске салсақ, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны хабарланған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.