«Мен сендерді Путинге айтамын!»: қазақтардың өздері қазақ сыныбына қарсы шықты

0 2 885

Белгілі педагог Аятжан Ахметжанұлы Facebook-тегі парақшасында астанадағы №93 мектеп оқушыларының ата-аналары қазақ сыныбына қарсы шыққанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Оның жазбасын журналист Мақсат Толықбай Instagram-дағы парақшасында іліп әкетіп, мектепте айтылған әңгімені бір ауыз сөзбен жеткізген. Кездесуде қазақ класының ашылуына қарсы шыққан азаматтың бірі: «Мен сендерді Путинге айтамын!», деп Аятжан Ахметжанұлына айтқан көрінеді. Ал педагогтың жазбасында жиналыста көтерілген мәселе туралы:

«Бүгін (29 сәуір, – ред.) бір мектепті қазақ етіп сақтап қалу үшін жиналыс болды. Мәжіліс депутаттары қатысты.
Бұндайға ысылдық қой, заңдық тұрғыда біраз ата-аналарды орнына қойдық.
Тіл жанашырлары біраз лекция оқыды. Қырғын дау болды. Әлім келгенше бала құқы бұзылмайтынын заң бойынша түсіндіріп, «Басқа мектепке барасыз. Бұл мектеп таза қазақ боп қалады», деп кесімді сөз айттым. (Бір ресми мен шешетіндей)
Ең өкініштісі, орыс сыныбын талап етіп отырған кілең қазақ. Сол қазақтың бірі жиналыстан шыққасын есік алдында тұрып, «Бүгінгі сөйлеген сөздердің бәрін түсіріп алдым. Толық видео жасадым. Ресейге, Путинге тіке жіберемін», – дейді (қазақ әйел).
Депутаттарымыздың көзін бақырайтып қойып, Путинмен қорқытты. Баратын жеріңе бар дедім күйіп кетіп…
Не дейін…», – делінген.

Осы мәселеге байланысты мәдениеттанушы, математик Серік Ерғали да үн қосып, өзінің Facebook-тегі парақшасында ойларын айтты. Ол №93 мектептің тағдыры көкпарға түсіп, тіл мәселесі майданға айналып кеткенін, оншақты қазақ келіншегінің зиялы қауымға, Парламент Мәжілісінің депутаттарына қарамай, өздерінің құқықтарын алға салып, орыс сыныбын ашуды талап еткенін атап өтті.

«Үй ішінен үй тіккісі келген төрт келіншектің есімдері – кәдімгі Жәмилә, Самал, Әйгерім, Шолпан!», – деді ол.

Одан кейін ол соңғы 30 жылда бетімен кеткен білім саласын айыптап, бүгінгі оқиғаны Парламентте майшаммен қарау керектігін, әйтпесе бетімізден алғандар қақыларын айтып қақылдай беретінін  жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.