НАТО мен Ұлыбритания Украинаға қарай әскер жіберді
Ұлыбритания Шығыс Еуропаға ірі әскери іс-жаттығу өткіземіз деген желеумен 8 мың әскерін, НАТО мен тағы бір әскери бірлестік 10 мың әскерін аттандырды. Әскери жаттығудың мақсаты – Ресей бастаған агрессияға қарсы дайындалу деп көрсетті ағылшындардың қарулы күштері. Бұл жайлы The Guardian басылымы жазды.
Британ әскерлерімен бірге НАТО мен Экпедициялық күштер бірлестігінің 10 мың әскері де қоса жаттығуға келмек. Экпедициялық күштер бірлестігіне Финляндия мен Швецияның да Қарулы күштері енбек.
Әскери жаттығудың өзі Финляндиядан бастап Солтүстік Македонияға дейінгі территорияда өтпек.
«Ресей Украинаға басып кіргендіктен осындай ірі әскери оқу-жаттығу өткелі жатыр. Еуропаның қауіпсіздігін бәрінен маңызды. Қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропа дәл мұндай қауіп пен қатерді сезінбеп еді», — деп түсіндірді Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес.
Оқу-жаттығу сәуір-маусым айларында өтпек.
Айта кетейік, 1 мамырдан бастап Польша да ірі әскери оқу-жаттығу жиынын өткізбек.
Шығыс Еуропаға Балтық жағалауы елдері, Украина мен Сербия, Румыния, Чехия, Болгария сынды елдер енеді. Яғни, Ресеймен шекаралас жатқан елдер кіреді.