Тоқаев референдум өткізуді ұсынды
ҚХА отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.
«Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», — деді Тоқаев.
Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. Сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдады.