Украин әскері Бучада халықты қырған топты жойып жіберді
Украинаның Қарулы күштері Бучада халықты қырған топты жойып жіберді деп хабарлады turkystan.kz Obozrevatel.com порталына сілтеме жасап.
Харьков қаласында тұратын волонтер Роман Дониктің айтуынша, украин әскері Ресей армиясының 64-мотоатқыштар бригадасын талқандап тастады. Бұл бригада Киевтің түбіндегі Буча қаласында адам айтқысыз айуандық жасап, бейбіт тұрғындарға білгендерін істеп, қырып жіберген болатын. Олар кеткеннен кейін қаладан 430 адамның мәйіті шықты.
«Ресейліктердің 64-бригадасы украинның 93-бригадасының күшімен жойылды. Олар холодярлықтарға шабуыл жасауға келгенде бәрі жер жастанды», – деді ол.
Жақында Путин қатыгездіктерімен аты шыққан осы бригадаға «гвардия» атағын берген болатын.