Ресей америкалық компанияның 27 ұшағын ұрлап кеткен

0 715

Американдық Air Lease Ресейде санкциялар енгізілгеннен кейін қалған 27 ұшақты есептен шығарды. Олардың жалпы құны шамамен 802 миллион долларға бағаланды. Компания Ресей Федерациясының ұшақтарды қайтармайтынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters-ке сілтеме жасап. 

Air Lease «зиянды өтеу үшін» сақтандыру талаптарын ұсынуды қарастыруда.

— «Air Lease Corp Ресейде қалған 27 ұшағының құнын есептеп шығарды. Бұл шамамен 802 миллион доллары құрады. Компанияның бұл ұшақтарды қайтарып алу ықтималдығы аз», — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта халықаралық жалға берушілер Ресейден жалпы құны 10 миллиард долларға жуық 400-ден астам ұшақты қайтаруға тырысуда.

— «Олар ресейлік әуе компанияларында орналасқандықтан қайтару туралы өтініштерге жауап бермейді», — дейді сарапшылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.