«Ядролық қару бізде де барын ұмытпасын»: Ұлыбритания премьері Путинге сес көрсетті
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон егер Ресей ядролық қаруды қолданған жағдайда оған кері соққы береміз деп сес көрсетті. Ол Кремль бұдан былай бүкіл әлемге қауіп төндіре алмайтынына сенімді. Бұл туралы әзірбайжандық «HamamTimes» басылымы хабарлады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
Нақты ядролық қауіп туындаған жағдайда Ұлыбритания үкіметінің одақтастармен алдын ала консультациялар өткізбей, өз бетінше шешім қабылдайтыны атап өтілді.
«Ресей бізде де ядролық қару бар екенін ұмытпауы керек. Егер Путин ядролық түймені басса, онда біз жетістікке жетеміз. Ресей енді ешкімге қауіп төндіре алмайды. Біз бәріне дайынбыз. Путин диктатурасы мен Ресей империализмі міндетті түрде жерленеді», — дейді Джонсон.