«Өкпелесең көшіп кет»: Қорғаныс министрі жұрттың сынына ұшырады (Видео)
Еліміздің Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов сенбілік кезінде өзінің жаңа мақалымен көзге түсті.
Ол журналистің қойған сұрағына нақылмен жауап берген, деп хабарлайды Экспресс К.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың мақалмен жауап қатқан бейнежазбасы Youtube-те тарады. Онда тілші қазақ тіліне қатысты сұрақ қойған.
«Сізді әлеуметтік желіде сынап жатыр, оқыдыңыз ба?», — деген журналист сұрағына министр:
Түсінеміз, қазақпыз ғой. Өкпелеп жатыр ма? Қазақта бір мақал бар: «өкпелесең — көшіп кет». Жарай ма?
— деп жауап береді.
Министрдің бұл жауабын желі қолданушылары сынға алуда.