Кәрім Мәсімовтың інісі ұсталды
Қырғызстан шекарасынан өтпек болған Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов қамауға алынды.
Бұл туралы «Kozachkov offside» Telegram-арнасына сүйеніп kaz.orda.kz хабарлайды.
«Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің інісі, генерал Мәсімов бір күн бұрын қамауға алынған. Генералдың Қырғызстан шекарасын Қордай шекара бекеті арқылы жаяу кесіп өтпек болғаны расталды» делінген хабарламада.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, екі түрлі нұсқа бар.
«Екі сенімді дереккөз Мәсімов Павлодар облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүргендіктен паспорттық бақылаудан өтіп жатқанда ұсталды деп мәлімдейді. Ертең оны Павлодарға арнайы ұшақпен жеткізіледі деген болжам бар. Бұл істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет зерттейді.
Екінші нұсқа бойынша, Мәсімов жол жүру шектеулеріне байланысты шекарадан өте алмады. Бірақ оны ешкім ұстамады. Ол жай ғана Қазақстан аумағына оралды» деп түйіндеді екінші дереккөз.
Бұл туралы әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жоқ.
Еске салсақ, 17 қаңтар күні Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды. Оның орнына Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың інісі Василий Скляр тағайындалды.
Сонымен қатар, Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынып, оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.
Сондай-ақ, ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімовтің де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерімен күдікке ілінгені, Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны айтылды.
8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.
Қаңтар оқиғасынан кейін 19 қаңтарда Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметінен алып, орнына Руслан Жақсылықовты тағайындады. Кейін жаңа министрді таныстырған кезде мемлекет басшысы Бектановты қаңтар оқиғасы кезінде «қолбасшылық қасиет көрсетпеді» деген пікірін айтып, қатты сынға алды. 19 ақпанда Бектанов қамауға алды. Оған Қазақстандағы қаңтар оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы (билік әрекетсіздігі) бойынша айып тағылып отыр.
10 наурызда ҰҚК Мәсімовке тағылған айыптар тағы да қосылды. Ол комитетті басқарған кезде жабық келісім-шарттардың бірі бойынша шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион доллар көлемінде пара алды деген айып тағылғанын хабарлады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік құрылымдардың бірінен жоғарыда аталған элиталық қонақ үй мен Нұр-Сұлтан қаласындағы жер телімін заңсыз алған. Үйден ірі көлемдегі қолма-қол шетел валютасы, сәнді заттар мен басқа да құндылықтар табылды. Мәсімовтің мүлкіне баға беріліп, ресми деректердегі кейбір сәйкессіздіктерді анықталды. Сонымен қатар, ҰҚК көрсеткен Мәсімовтің үйі бұрын Назарбаевтың мемлекеттік резиденциясы болғаны анықталды.
Наурыздың 16-сы күні Тоқаев қауіпсіздік күштерінің қаңтардағы жоспары ел басшылығын кетіру екенін айтты.