Бозымбаев: «Мен ақша шығара алмаймын, өйткені ақша просто жоқ»

0 380

Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаев жан басына қаржыландыру нормативі бойынша ашылған үйірмелер жұмысының тоқтауын кәсіпкер азаматтармен талқылады.

Ол спорт секцияларын қаржыландыратын ақшаның қазір жоқтығын, сол үшін өзі принтерден шығара алмайтынын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

29 сәуірде 100 пайыз барлығы белгілі болады. Бір нәрсені айтайын, кешірерсіздер, осындай «пирамидаға» ақша бөле алмаймыз. Өйткені ақша просто жоқ. Мен ақша шығара алмаймын. Бағдарламаны жолға қойып, кәсіпкерлермен әріптестік жасаймыз.

— дейді Қанат Бозымбаев.

Ол халыққа нақты айту керектігін, барды-бар, жоқты-жоқ деу керек деп отыр. Алматы облысының әкімі бұл бағдарлама шексіз пирамида сияқты. Мәселен, былтыр мәдениет саласына 1,5 миллиард теңге бөлінді. Биыл 2,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы екі-ақ айға жетті.
Бағдарлама пирамида сияқты болса, тек осы үйірмелердің өзіне 34 миллиард теңге керек болады. Ондай қыруар қаржы облыста жоқ,

— дейді әкім.

Елімізде мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спорт және шығармашылық үйірмелерімен то­лықтай қамту Президенттің 2020 жылғы жолдауынан кейін қолға алынған. Мемлекеттік шы­ғармашылық және спорт сексияла­ры бойынша тапсырыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде ерекше қабілеттері бар балаларға қолданылады. Шығармашылық үйір­ме­нің 59 түрі қарастырылған. Әр баланың қызығушылығына қарай мем­лекеттік шығармашылық, спорт және қосымша білім беру тап­сы­рыстар аясында көзделген 2 үйір­ме­ге тегін қатысуға болады.

Осы Қанат Бозымбаев басқаратын Алматы облысында бұл жоба аясында 231 жеке кәсіпкер жаңадан тіркеліп, шы­ғар­ма­шылық үйірмелердің 58 бағыты бойынша қызмет көрсетіле бастаған. Алайда «қаңтар оқиғасынан» кейін жобаның тоқтауы мүмкін екені айтыла бастады. Өйткені аймақта қаржы жоқ. Алматы облы­сы­ның мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы барлық ор­та­­­лық­тарға осы жылдың 1 науры­зынан бастап мемлекеттік тапсырыс бо­йынша шығармашылық үйірмелерді қаржы­ландырудың уақытша тоқтаты­ла­тыны туралы хат жолдаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.