Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы тағайындалды

0 135

16 сәуірде Жамбыл облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев келді.

Облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаевтың қатысуымен өңірдің ерекшеліктеріне қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдықтары мен міндеттері белгіленді.
Қожабаев Antikor ortalyǵy сервис орталығында болып, Агенттіктің аумақтық бөлімшесінің қызметімен танысты.
Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына, Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығына сәйкес Мақсат Аманқұлұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Болат Нұрғазыұлы Жылқыбаевты таныстырды.

Болат Жылқыбаев тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы болып жұмыс істеді.

Еңбек жолын 1996 жылы полиция органдарында бастаған.
2012 жылдан бастап қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.