Ресми: Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды
Руслан Желдібай Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», — делінген жарлықта.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
2020 жылы Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. 2021 жылы премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды.