Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылды, қаза тапқандар бар
Сарыағаш-Шымкент тас жолында автобус аударылып 3 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.
Автобучта 30 адам болған, оның 4-уі жарақат алды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13.04.2022 жылы сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар «Yutong» маркалы автобус Шымкент қаласы бағытына қозғалған. Осы сәтте қарсы беттен «Audi 100» маркалы автокөлік шығып, автобуспен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, автобустың тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсарып мен қаза тапқандардың кім екендігі анықталып жатыр.