«Дикий Арман» түрмеден шықты»: желіде анасымен қауышқан видеосы тарады
Интернетте көпшілікке «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұлагелдиевтің түрмеден шыққаны туралы ақпарат тарады деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазба «Дикий Арман» түрмеден шықты, анасына еркелеген видеосын салды» деген тақырыппен тарап жатыр. Әзірге ақпараттың рас-өтірігі белгісіз.
Еске сала кетейік, Арман Жұлагелдиев қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған болатын.