Путин 150 офицерді соғыстан шеттетіп, қаматқан
Bellingcat командасының зерттеуші журналисі Христо Грозев Путин «тазалау операциясын» бастағанын айтты. Журналистің айтуынша, Ресей ФСБ-нің бесінші қызметінде «украин мәселесімен» айналысқан және Путинге Украинадағы жағдай туралы ақпарат берген қызметкерлер арасында «тазалау» жүргізілген. Қорытындысында 150 офицер тізімге енген. Бұл туралы ол Popular Politics арнасына берген сұхбатын айтқан деп хабарлады turkystan.kz.
Тілші айтқан мәліметке сүйенсек, ФСБ 5-ші қызметінің бұрынғы бастығы, генерал-полковник Сергей Беседаның тергеу изоляторына ауыстырылған.
«Олардың біршама бөлігі тұтқындалмаса, ФСБ-да жұмыс істемейді деп айта аламын. Тазарту жұмыстары өтетіні анық. 1-2 күннен соң бұл оқиға туралы нақты ақпарат жариялай аламыз деп үміттеніп отырмыз», – Грозев.
Айта кетейік, Бесінші қызмет (Жедел ақпарат және халықаралық қатынастар қызметі) ФСБ-ның шетелдік серіктестермен, әсіресе, АҚШ агенттіктерімен қарым-қатынасына қатысты қызметпен айналысады.