Жириновскийдің атына көше беріледі
Ресейдің Мемлекеттік Думасына Либерал демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Владимир Жириновскийдің атына көше беру туралы ұсыныс түсті деп хабарлады turkystan.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы РЛДП-ның мемдумадағы фракциясының жетекшісі Леонид Слуцкий айтты.
«Партияның атынан Мәскеудің көшелерінің бірін қайтыс болған әріптесіміздің атына беру туралы ұсыныс жасаймын. Енді оның дұрыс шешілетініне сенемін», – деді ол.
Кеше РЛДП төрағасының орынбасары Ярослав Нилов Мәскеудегі Луковтар көшесін Жириновскийдің атына ауыстыру туралы ұсыныс айтқан болатын. Сол күні дәл осы мәселені РЛДП-ның аймақтық бөлімшесі Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комитетінің төрайымы Анна Замараева көтерді. Ол Санкт-Петербург қаласының Петроград ауданындағы Маркин көшесін Жириновскийдің атына ауыстыру туралы ұсынысын жеткізді.
Владимир Жириновскиймен қоштасу ертең, яғни 8 сәуір күні Одақтар Үйінің Колонна залында болады. Жерлеу рәсімі Новодевичье зиратында өтеді.