Ресейлік әскерилер Украинада қаза тапқандарды көшеге тастап кеткен
Украинаның Буча қаласы ресейлік әскерилердің қатты қиратуына ұшырады, ондаған қаза тапқандардың денелері көшеде жатыр,- деп хабарлайды kaz.orda.kz.
Киев іргесіндегі Буча қаласын бір күн бұрын украин әскерлері қорғап қалды. Бірден бірнеше халықаралық басылымның хабарлауынша, бір ай бойы оккупацияда болған қала қирап, көшеде азаматтық киім киген 20-ға жуық адамның мәйіттері табылған.
ВВС ресейлік қызметінің хабарлауынша, ресейлік тарап бұл мәселеге қатысты ешқандай түсініктеме бермеген. Дегенмен, әртүрлі көздерден алынған фотосуреттер бір айда Бучада көптеген өлім-жітім болғанын көрсетеді. Қала әкімі қазірдің өзінде 280 адамның жаппай бейіттерге жерленгенін айтты.
France Press пен Reuters журналистерінің хабарлауынша, қаза тапқандардың дені бейбіт тұрғындар. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, көбінің қолында ақ таңғыштар болған, оккупанттар қарусыз тұрғындарды осындай ерекше белгіні тағуға мәжбүрлеген.
«Біз екі апта жертөледе болдық. Онда тамақ, жарық, жылу жоқ. Суды шамдармен жылыттық. Біз киіз етікпен ұйықтадық» деп хабарлады халықаралық БАҚ жергілікті тұрғынның сөзін.