Қазақстандықтар үшін тегін үй мен пайдалы қазбалардың кірісін бөлісу: Конституцияға өзгеріс енгізілуі мүмкін

0 3 168

Еліміздегі пайдалы қазбалардан түскен әрбір кірісті қазақстандықтар арасында бөлу ұсынылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Қазақстан халқы құрылтайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сонау 1991 жылы құрылған «Қазақстан Халық Конгресі» жалпыұлттық қозғалысы (ҚХА) тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш конституциясының жобасын қалыптастыруға белсене атсалысты. Бүгінде бұл қозғалыс жаңа тыныс пен жаңаша серпін алып отыр», — делінген мәлімдемеде.

Қозғалыс жетекшілері мынадай нақты бес қадам арқылы жүзеге асыруды ұсынатын өздерінің бағдарламалық мақсаттарын жариялады:

— «ҚР конституциясының 6-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, онда «халықтың басты меншігі жер және оның қойнауы, бүкіл мүлік қашанда халық меншігіне тиесілі болады» деген сөз тіркесі жазылатын болады;

— Қазақстанның әрбір азаматына Қазақстанда өндірілген мұнайды, газды, алтынды, мысты, алюминийді және басқа да пайдалы қазбаларды сатудан түсетін пайдаларды мемлекеттік аударымдар үшін жеке банктік шот ашу;

— ҚР кәмелетке толған барлық азаматтарын мемлекет есебінен тегін кепілдік берілген тұрғын үймен қамтамасыз ету;

— ҚР конституциясына Қазақстанның барлық азаматтары үшін тегін мектепке дейінгі, кәсіптік және жоғары білім беруді белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу;

— Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысуға шешім қабылдаған әрбір Қазақстан азаматының жеке меншігіне жер телімін тегін беруін қамтамасыз ету.

Еске салайық, 1994 жылы «Қазақстан халық конгресі» негізгі заңның бір бабын іске асырудың егжей-тегжейлі бағдарламасын ұсынған болатын. Сол кезде Олжас Сүлейменов мынадай сөздер айтқан еді:

«Мемлекеттік банк республиканың әрбір азаматының атына жеке шот ашып, оған елімізде өндірілген мұнайдың әрбір тоннасынан бір тамшы, көмірдің, түсті, қара және сирек металдарының әрбір тоннасынан бір тиын түсіп тұруы қажет, сол кезде ғана бізде кедей ұрпақ болмайды. Кейбір Араб Әмірліктері секілді елдердің тәжірибелерін зерттеу керек, ал біздің математиктер осы ұлттық байлықты халық пен мемлекет игілігіне бөлудің жүйесін жасайды».

Бүгінгі таңда «Қазақстан халық конгресі» барлық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партияларды, БАҚ өкілдерін және қазақстандықтарды жұмыстарының негізгі бағыттарын қолдауға шақырады. Нәтижесінде қозғалыс мүшелері өз ұсыныстарын президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауын іске асыру аясында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының қарауына ұсынуды жоспарлауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.