«Пошел на х*й, мал!»: Шымкент ПД баспасөз хатшысының басы дауға қалды (ВИДЕО)
Шымкентте қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекееваның дауысы делінген аудиожазба әлеуметтік желіде тарап кетті.
Онда ведомство өкілінің дауысына ұқсас адамның қызметкерлеріне былапыт сөздерді қарша жаудырғанын, тіпті өткен күнмен жұмыстан кету туралы арыз жазуын талап еткенін естуге болады, деп хабарлайды Экспресс К.
Youtube-тегі Kritik.kz арнасы көпті шулатқан аудиожазбаны жариялады.
«Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мырза, полиция саласының баспасөз қызметін осындай басшылар басқарса, қоғамға қандай үгіт-насихат айтып жеткізеді? Масқара ғой мынауыңыз. Аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр. Полицияда салмақты, өте сауатты, тәрбиесі мол басшылар жұмыс атқарады деп ойлаушы едік. Алайда мына сөздерді естігенде жағамызды ұстадық», — деп жазылған онда.
Желідегі аудиодан департамент қызметкерінің өз жұмысын тиянақты орындамағанын түсінуге болады.
«Жап аузыңды… Телефон көтеруге шамаларың жетпей жатыр еді ғой… Құрып кеткің келмесе, басымды ауыртпа. Қате шықсын, өлесің… Аясай адамды, мал. Басты ауыртпа деймін, тұр орныңнан… «Ты не заслуживаешь уважение» , түсіндің бе, е? «Надо заслужить» өзіңнің атыңды атауға. Иттің тірлігін істеу. Ит те жауап беру керек», — дейді аудиожазбадағы әйел дауысы.
Осы сәте басшысынан ұрыс естіген қызметкер «Намысыма тимеңіз менің» деп жауап қатады.
«Намыс деп қояды ғой тағы, екі ауыз сөздің басын қоса алмайды… Сендер сияқты «тупойларға» біз жауап беретін болдық қой «бля**». Менің қолымда болса, атып тастайтын едім… Телефон көтеруге шамаларың жетпейді, намыс деп қояды ғой. Қандай намыс сендерде? Еркек емессіңдер сендер… Тура жұмыстан босатуға жіберемін… «Артыңғы» деген сөз бола ма? «Артқы» шығар, иә? Қарасай, «тупой» ғой. Мына сөзді көшіргенсің ғой. Басынан жаз. Екі-ақ қатар, толық көшірмесең, болады ғой. Онсыз да бір ай ауада жүріп айлық алып келдің… Атып тастау керек біртіндеп… Не істеп жатыр ана хайуан?… Амалдың жоғынан ұстап отырмын қазір адам болмаған соң. «Пошел на х*й бәріңе. Адам жинап алайын, сол күні құртпасам, атым өшсін. Полктан любойын тартып әкелемін орныңа. Бастық арқылы алғанда идеалмын деп санай берме. Өзіңді кереметпін деп жүрсің бе? Міне, кереметсің. Өреңнің жеткені сол, турбкаңда алуға шамаң жетпейді…
Сол күні құртамын мен сені. Адам өлгенді де жеткізетінін білесің бе? Көріп тұрсың қанша рет звондап жатқанымды. Не болды, не көмек деуге болады ғой… Жұрттың мамандары «не көмек?» деп қасында жүр. «Жұлдыздар» өңкей, адам алайын, төбемде Алла тұр, сол күні құртамын. Саған қарап қалған күнім жоқ естідің бе? Иттің тірлігін істедің, иттің өзі звондайды ғой, кері звондайды не болды деп. Аспанға қарамай дұрыстап тұр… Мал болған соң малдың, иттің тірлігін істейді… Адам емессіңдер сендер. Хайуансыңдар… Итім шығып тәуліктеп ұйықтамай жүрсем, төбемде Алла тұр ғой, өзімнің атыммен, өміріммен ант етемін, сол күні жұмыстан босатуға жіберемін», — дейді кабинетте жазылған аудиожазбада.
Аудионың тағы бір бөлігінде жазбаның телефон байланысы кезіндегі әңгіме жазылғанын байқауға болады. Онда департаменттің қызметкері басшысына денсаулығына байланысты еңбек демалысына шықанын айтып, түсіндіруге тырысады. Алайда оны басшысы ертегіге теңейді.
«Үйтіп иттік істейтініңді білгенде бар ма? Жұмыстан шыға сал. Медкомиссияң сәйкес келмейді…. Жұмыстан кетесің үзілді-кесілді, органнан кетесің ақыры сәйкес келмейді ме? Әлде адам ұқсап дұрыс жұмыс істейсің? Ұялмайсың ба, майор басыңмен, шеніңді шешіп тастау керек сен айуанның. Айналайын, мен саған айтып отырмын еркекше. Мені білесің, айттым ба, орындайтынымды білесің немесе айтпайтынымды білесің», — дейді аудожазбада.
Келесі сәтте баспасөз қызметінің жетекшісі делінген әйел азаматы таңғы сағат 07.30-да жұмыста болу керек деген тапсырманы орындамаған қызметкеріне ашуға булығады.
«Өтірігіңді соқпа, не үшін кешігіп жүрсің? Таңғы сағат 07.30-да кел деп айттым ғой. Ұйықтап қаппын деген желеуді балабақшаға барып айт, айуан естідің бе?… Түсініктемеңді жаз да, пошел на х*й, жұмыстан шығарамын, естідің бе? Құры жұмыстан, мал бля… Естідің бе деймін, е? Құры жұмыстан, мал…. Көремегенім сен болсын»,- дейді ол.
Осы сәтте басшы мен қызметкердің сөйлеу сәті үзіліп кеткенін байқауға болады.
«Айуан, мен сөйлеп бітпей жатып тұтқаны қоятын кімсің сен? «Кімсің сен?» деп сұрап тұрмын сенен? Мал, адам мал болған соң малдығын істейді. Қанша адам тәрбиелесең де малдығын істейді. Түк көремеген бля… с*ка. Өткен датамен қазір өз еркіммен деп жазасың, өзің құрисың, естідің бе? … Менің көзім көрмейтін жаққа кет… Кешегі нәрсенің бәрін өткізіп кет», — дейді ол.
Экспресс К тілшісі әлеуметтік желіні шулатқан видеоға қатысты Шымкент қалалық Полиция департаментінен пікір алуға тырысты. Аудиожазбадағы дауыс иесі делінген баспасөз қызметінің жетекшісі әзірге пікір білдірмеді. Ал ведомствоның ресми өкілі қызметтік тексеру жүріп жатқанын алға тартты.
«Қазіргі таңда Өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған бейнежазба бойынша қызметтік тексеру жүргізуде. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады», — деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!