«Бері қарашы, бешбармақ»: полицейге тиіскен жігіт қызу талқыға түсуде

0 802

Интернетте полицейді балағаттап, жеке басына тиіскен азаматтың бейнежазбасы жұрт назарына түсті.

Видеода тіпті жігіттің арандату сөздерін айтқанын да естуге болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Полицейге дікеңдеген жігіттің бейнежазбасы Іnstagram-дағы 100baksoff_video парақшасында жарияланды. Видеода белгісіз ер азаматтың қолына камерасын ұстап, тәртіп сақшысына тоқтаусыз тиісіп тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ арандату мақсатында боғауыз сөздерін де айтқанын естисіз.

Мені қорқытқың келіп тұр ма, танимын деп? Танығанда не істейсің? Е, бері қарашы, бешбармақ. Семіріпсің ғой. Емтиханнан қалай өттің сен? 5 рет турникке тартыла алмайды мынау мына қарынмен. Қалай өттің емтиханнан, гамбургер?

— дейді видео авторы.

Оқиғаның әзірге қайда болғаны, жеке тұлға мен полицей арасындағы байланыс неге бұлай жалғасқаны белгісіз. Бірақ желі қолданушылары бейнежазбаны түсірген жігітті сынға алуда.

«Осы еркекті тауып, қорлағаны үшін кешірім сұрату керек». «Адамдық қасиеті жоқ, мәдениетсіз екен». «Бұлай кемсітуге болмайды. Полицейдің сабырлығына риза болдым». «Бұған дейін не болғаны белгісіз ғой, бұлай сөкпеңіздер»,

— деп жазған желідегі жұрт.

Видеоны осы жерден көре аласыздар: https://aitube.kz/video?id=f98fbb09-4e35-4286-b8b5-fa47ac6a5a27

Leave A Reply

Your email address will not be published.