«Сатқындық!»: Ресей халқы шабуылды тоқтатуға қарсы шығып жатыр
Ресей қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Киев және Чернигов бағытында «соғыс қимылдарын күрт қысқарту» туралы шешім қабылдағанын жариялағаннан кейін ресейліктер бұл шешімге қарсы шықты. Бұл туралы turkystan.kz orda.kz-ке сілтемe жасап хабарлады.
«Бірінші қадам екі негізгі бағытта – Киев пен Черниговте бірте-бірте әскери деэскалацияға қатысты. Біз Киевте шешім қабылдауды қажет ететін адамдар бар екенін түсінеміз. Сондықтан біз бұл қаланы қосымша тәуекелге ұшыратқымыз келмейді. [… ] Бұл атысты тоқтату емес, бірақ бұл біздің жанжалдың бірте-бірте деэскалациясына, кем дегенде, осы салаларда жетуге деген ұмтылысымыз», – деді Мединский.
Өздеріңіз білетіндей, сейсенбі, 29 наурызда Ресей Киев және Чернигов облыстарындағы әскери белсенділікті күрт қысқарту туралы шешім қабылдады.
Осыдан кейін ресейліктер бұл «сатқындық», «ұят» деп ұрандата бастады.