Бір топ алматылық Болат Назарбаевқа талап қоюда
Алматы қаласының тұрғындары Алтын-Орда базарының алдына жиналып, Болат Назарбаевтан Алтын-Орда базарын бұрынғы иесіне қайтаруды талап етті, деп хабарлайды kaz.orda.kz.
«Алтын орда базары ашылып, енді гүлденіп келе жатқанда, 2007 жылы Альпиев Алтынбек қапыда қайтыс болды, оны атып өлтірді. Содан кейін бұл кісінің орнына туған жиені Совет Асқарұлы келді. Біздің түгел алған жерлеріміздің бәрін Назарбаевтың бандиттері тартып алды. 2012 жылдың 27 қараша күні Альпиев Алтынбектің ұлы Данияр келіп отырғаннан 1,5 айдан кейін Назарбаев Болаттың ұлы Нұрбол ДВД-ның бірінші орынбасары болып тұрғанда, рейдерлік захват жасап балаға азаптау көрсетіп, жала жауып, бұл баланы түрмеге қамап, базарды тартып алды. 1500 адам қол жинадық, базарды Альпиев Алтынбектің баласына қайтаруын талап етеміз!» деді сұхбат берушілердің бірі.